Менің болашақ жарым, кішкентайларымның анасы. Үйімнің шам шырағы, иманымның жартысы. Қайда екенсің қай жерде мүмкін жанымда, мүмкін алыстасың. Әйтеуір Алла бізді екі жаққа бөліп қойды әрине аз уақытқа. Себебі екеуміз әзірше бірге бола алмаймыз себебі мен және сен, шаңырақ көтеруге жастық қыламыз әрі от басын тербетуге біліміміз жетпейді. От басы бұл ақырет ісі, мен сені білімсіз ренжітіп, көзіңнен жас шығарғым келмейді. Түндері масайып сені соққыға жыққым келмейді, жалған сөзбен құлағыңды толтырғым келмейді, тасада жүргенде көзіңе шөп салғым келмейді, түнгі бір екіге дейін көше кезіп, сені уайымдатқым келмейді, жұрттың көзінше саған айқай салып, жер еткім келмейді, құлдарша сені жұмсап тоздырып жібергім келмейді, сенімен соқтығысып бір ажырасып, бір қосылып, арадағы сезімді суытқым келмейді. Мен сені бақытты етемін, саспа. Мен сенің көзіңнен бір тамшы жас шығармаймын, тек қана сенімен болып бір өзіңді бағалаймын. Пайғамбарымның мінезін өзіме бой сіңдіріп сүннеті арқылы сенімен өмір сүргім келеді. Бала шағама дінді үйретіп, мұсылманша өмір сүргім келеді, намазға бірге тұрып, Алланың парызын бірге өтегім келеді, Бір сөзбен айтқанда сенімен мына пәниде және Жәннатта бірге болғым келеді. Ол үшін білім мен төзім керек, егер осы жазбаны оқып отырсаң сен мені тоса біл, күтудің соңы жақсылыққа ұласарына сенiмдiмiн.

Теги других блогов: болашақ жарым кішкентай